Алматыда №160 орта мектептің мұғалімдері жалақысын ала алмай жүр
Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалімдерге жалақы төлеу кешіктірілді, - деп жазды ҚазАқпарат.
Мегаполистегі №160 орта мектеп мұғалімдерінің жалақысын уақытында төлемеу мәселесі
әлеуметтік желіде жарияланды.
«Қарасу» шағынауданында орналасқан №160 орта мектебінде мұғалімдерге жалақы төлемей жатыр. Дәлірек айтсақ, олар қыркүйек айындағы жалақыларын әлі алған жоқ. Мектеп директоры жыл соңына дейін кешігулер болатынын айтқан», - деп жазды желі қолданушы.
Алматы қалалық білім беру басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Бюджеттік қаражатты дұрыс жоспарламау салдарынан мұғалімдердің жалақысы кеш төленді. Бүгінгі күнге дейін мұғалімдер алдындағы қарыз толық төленді», - деп хабарлады Білім басқармасынан.