Алматыда №160 орта мектептің мұғалімдері жалақысын ала алмай жүр

Алматыда №160 орта мектептің мұғалімдері жалақысын ала алмай жүр

Алматыда №160 орта мектептің мұғалімдері жалақысын ала алмай жүр
ашық дереккөзі
Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалімдерге жалақы төлеу кешіктірілді, - деп жазды ҚазАқпарат.  Мегаполистегі №160 орта мектеп мұғалімдерінің жалақысын уақытында төлемеу мәселесі әлеуметтік желіде жарияланды. «Қарасу» шағынауданында орналасқан №160 орта мектебінде мұғалімдерге жалақы төлемей жатыр. Дәлірек айтсақ, олар қыркүйек айындағы жалақыларын әлі алған жоқ. Мектеп директоры жыл соңына дейін кешігулер болатынын айтқан», - деп жазды желі қолданушы. Алматы қалалық білім беру басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді. «Бюджеттік қаражатты дұрыс жоспарламау салдарынан мұғалімдердің жалақысы кеш төленді. Бүгінгі күнге дейін мұғалімдер алдындағы қарыз толық төленді», - деп хабарлады Білім басқармасынан.