Алматыда №160 орта мектептің мұғалімдері жалақысын ала алмай жүр

Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалімдерге жалақы төлеу кешіктірілді, – деп жазды ҚазАқпарат. 

Мегаполистегі №160 орта мектеп мұғалімдерінің жалақысын уақытында төлемеу мәселесі әлеуметтік желіде жарияланды.

«Қарасу» шағынауданында орналасқан №160 орта мектебінде мұғалімдерге жалақы төлемей жатыр. Дәлірек айтсақ, олар қыркүйек айындағы жалақыларын әлі алған жоқ. Мектеп директоры жыл соңына дейін кешігулер болатынын айтқан», – деп жазды желі қолданушы.

Алматы қалалық білім беру басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Бюджеттік қаражатты дұрыс жоспарламау салдарынан мұғалімдердің жалақысы кеш төленді. Бүгінгі күнге дейін мұғалімдер алдындағы қарыз толық төленді», – деп хабарлады Білім басқармасынан.

Back to top button