Жаңалықтар

Байбек Nur Otan-ның Маңғыстауда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті

ашық дереккөзі

Байбек Nur Otan-ның Маңғыстауда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті

«Nur Otan» Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлерге сапарын жалғастыруда. Бүгін ол Маңғыстау облысында сайлауалды уәделердің орындалу барысымен танысты. Өңірде 9 ай ішінде 2025 жылға дейін жоспарланған 872 іс-шараның 27%-ті орындалған. 809 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерген, 28 мектеп салынып, жөндеуден өткен, 22 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан кейін Ақшұқыр ауылында Бауыржан Байбек «Сүлеймен» жаңа спорт кешенін аралады. Кешенде жастар үшін күрес, дзюдо, каратэ, көркем гимнастика, жүзу және т.б. спорт түрлері қолжетімді. Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, жалпы сайлауалды бағдарлама аясында биыл өңірлерде 127 мыңнан астам спорт секциясы ашылып, 22 мыңнан астам балалар үйірмелерінің жұмысы қайта жанданған. Жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 1,5 есе өскен, ал 2023 жылға қарай 2 есе артады. Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, сапар барысында Бауыржан Байбек еліміздің батыс өңірлерінде: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында сайлауалды уәделердің іске асырылу барысын онлайн форматта талқылаған. https://www.youtube.com/watch?v=PtYKAXGu6vo&ab_channel=NurOtan