Алматы алда келеді

Алматы алда келеді

Алматы алда келеді
ашық дереккөзі
Ауруды емдегеннен гөрі алдын алу тиімді екені – ғасырлар бойы дәлелденген тәсіл. Ол туралы қазақ халқы «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Демек, жаһанды жайпаған коронавируспен күресудің ең пайдалы жолы – коронавирусқа қарсы вакцина жасату. Коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар өткен жылы пайда болса, биыл әлем бойынша вакцина алу ісі өте қар­қынды жүріп жатыр. Ал елімізде, оның ішінде Қазақстандағы ең ірі мегаполис − Алматы қаласында тұрғындардың вакцина алуы кейінгі айларда өте белсенді түрде өтіп жатыр. Мәселен, осы жылдың оныншы қа­заны күні 1 755 Алматы тұрғыны вак­цина салдырды. Онда ковидке қарсы ек­пенің І компонентін 814, II компонентін 941 адам алған. Еліміз бойынша вакцина салдырғандар санын есептегенде Алматы қаласы алдыңғы орында келеді. Биыл 1 ақпан мен 10 қазан ара­лығында қалада 967 298 тұрғын вак­ци­наның бірінші компонентін, 896 069 адам екін­ші компонентін салдырған. Ал вакцина ал­ғандардың 119 290-ының жасы 60-тан ас­қан екен. Қалада 160 вакцина жасау пункті жұмыс істеп тұр. Онда 1 028 адамнан тұра­тын 237 егу бригадасы бар. Сондай-ақ ме­дицина ұйымдарында, мектептерде, мә­дениет, спорт объектілерінде, ірі базарларда вакцинация пункті бар. Статистикаға қарасақ, Алматыда вакцина салдыру күн сайын ерекше қар­қынмен жүріп жатқанын көруге болады. Тіп­ті әр күн сайын вакцина салдырудың қа­­тары артып жатыр. «11 қазан күні 4 907 ал­ма­­тылық вакцина салдырды. Корона­вирус­қа қарсы екпенің І компонентін 1 899, II компонентін 3008 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қала­сы алдыңғы орында. Биыл 1 ақпан мен 11 қа­зан аралығында қалада 969 376 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 899 300 адам екінші компонентін салдырған. Олар­дың ішінде 119 333 адамның жасы 60-тан асқан», – деп хабарлады басқармадан. Қала­да 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. «Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істей-ді», − дейді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Қараңыз, қазанның оны күні 1 755 адам вакцина сал­дыр­са, 11-і күні 4 907 адам вакцина алған. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төра­ғалығымен өткен коронавирус инфек­ция­сының таралуына қарсы іс-қимыл жө­нін­дегі жедел штаб отырысында шаһар бас­шысы вакциналаудың әсері аурудың бе­тін қалай қайтарып жатқанын нақты дә­лелдермен айтқан болатын. Бақытжан Са­ғынтаев: «Қабылданған жүйелі шаралар мен халықты вакциналаудың арқасында дерттің апталық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 169-дан 134,6-ға дейін төмендеді. Жыл басынан 10 қазанға дейінгі кезеңде 154,7 мың КВИ жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте вирус 326 адамнан анықталды. Өткен аптада жұқтыру индексі 0,94-тен 0,89-ға дейін төмендеді», − деп, бұл жөнінде жүргізіліп жатқан шаралардың жақсы нәтиже беріп жатқанын айтты. Қаланың Санитарлық-эпидемио­ло­гиялық бақылау департаментінің деректері бойынша Алматы халқының иммундық дәрежесі 54 пайызға жуықтаған. Қала тұрғындарының ресми санының 45 пайызы және жыл басынан бері ауырғандар­дың 7 пайыздайы вакцинаның екі компонентін алып үлгерген. Бұл салынып жатқан вакцинаның тиімділігін көрсетеді. Қазір ресми статистика бойынша елі­міз­ге 14,8 млн вакцина әкелінсе, соның 7 мил­лионға жуығы салынды, ол – ел тұр­ғын­да­рының 36,8 пайызы. Демек, азамат­тары­мызға вакцина салу ісін жеделдете түсу уақыт талабы десек, бұл істе Алматы қаласы өзге өңірлерге үлгі болып отыр деуге болады. Қазірдің өзінде қала халқының тең жартысына жуығы вакцина алып, салдырғандар саны 1 миллионға таяды. Ауырғандардың жас құрамын салыстырмалы талдау кезінде соңғы 2 аптада 20 мен 60 жас аралығындағы адамдар арасында жұқтыру бір қалыпта десек, 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің сырқат­тануы бір пайызға төмендеген. Соңғы апта­дағы көрсеткішке қарасақ, өзін-өзі жұмыс­пен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтарда ауру жұқтыру көбірек болған, ал бұл жағдай мектеп оқушылары арасында 3 пайызға, мектеп жасына дейінгі балаларда бір пайызға төмендеген. Мұның бәрі Алматы қаласы бойынша жүргізілген вакциналау ісінің оң нәтижесін көрсетеді. Қауіптің беті қайтты деп арқаны кеңге салуға болмайды, сондықтан осыны мықтап ескерген Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаев жедел штаб отырысында вакцинация бойынша түсін­діру жұмыстарын әлі де күшейте түсуді, білім беру орындарындағы эпидемио­логия­лық ахуалға мониторингті үзбей жалғас­тыруды, қаланың барлық аумағында шектеу шараларының сақталуын қатаң бақылауды тапсырды. Сондай-ақ шаһар әкімі Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына тұ­мау мен ковидке қарсы вакцинацияға қар­сы жұмысты одан әрі жалғастыруды тап­сырды. Тәртіп болмаса ешбір істің алға баспайтыны белгілі. Жаһандық пандемия жағдайында індетке қарсы күресте Алматы қаласы белсенділікпен көзге түсіп, ха­лықтың саулығына зиян келтіретін әрекеттердің алдын алып жатыр. Мәселен, қаладағы мониторинг топтары 4-10 қазан аралығында 195 рейд жүргізіп, сол арқылы қала аумағындағы 24 объектіде карантин шектеулерінің бұзылғанын анықтады. Ол бойынша 106 хаттама толтырылды, оның ішінде заңды тұлғаларға 7 млн теңгеден астам сома көлемінде айыппұл салған 21 хаттама жасалды. Маска режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты 3,7 млн теңге көлемінде шара қолданылып, 85 хаттама толтырылды. Ashyq жобасы бойынша осы жылдың 29 қыркүйегі мен 5 қазаны аралығында жобаға қатысатын объектілердегі 171 келушіде қызыл мәртебе, сары 37 келушіде анық­талған. Сондай-ақ 4-8 қазан аралығында қы­зыл мәртебесі бар 114 жеке тұлғаға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айып­пұл салынды.

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ