Өскеменде сотталған адамды өлтірген 6 түрме қызметкері бас бостандығынан айырылды

Өскеменде сотталған адамды өлтірген 6 түрме қызметкері бас бостандығынан айырылды

Өскеменде сотталған адамды өлтірген 6 түрме қызметкері бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөзі

Өскемен қаласында түрме қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматты азаптап өлтіріп, қылмысты жасыру үшін оны суицид жасағандай етіп көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 6 қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 146-бабы 3-бөлігіне (сотталған адамды азаптап, абайсызда өлтіру) сәйкес іс қаралды. Сондай-ақ бопсалау, қызмет бабын асыра пайдалану арқылы пара алған А. есімді азамат сотталды.
«2019 жылдың 18 маусымында ОВ-156/2 мекемесінің қызметкерлері алдын ала сөз байласып, жәбірленуші К.-ны ұрып-соққан. Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған ер адам сол жерде көз жұмды. Өз қылмыстарын жасыру үшін олар тағы екі сотталғанды мәжбүрлеп, мәйітті тәртіптік изолятор камерасына жеткізді. Полиция қызметкерлеріне К-ның өз-өзіне қол жұмсағандығын айтқан», - делінген ақпаратта.
Ал А. есімді түрме қызметкерінің 2018 жылдың 14 маусымында сотталған адамның анасынан пара ретінде автокөліктің 76 000 теңгелік жазғы шиналарын алғаны анықталды. Сондай-ақ ол сотталғанды өз туысының үйінде баспалдақ жасауға мәжбүрлеген.
«Сот үкімімен сотталғанды өлтірген түрменің 6 қызметкері 5, 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал пара алған айыпталушы 7 жыл мерзімге темір торға қамауға алынды. Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығын 3 жылға жоғалтты», - деп жазылған хабарламада.