Аттракционындағы әйел өлімі: күдікті қамауға алынды

Аттракционындағы әйел өлімі: күдікті қамауға алынды

Аттракционындағы әйел өлімі: күдікті қамауға алынды
ашық дереккөзі
Қарағандыда әйел өліміне әкелген аттракционның нұсқаушысы қамауға алынды. «Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты аттракционның нұсқаушысын екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, 10 қазан күні 9 қабатты мейрамхананың шатырында орнатылған аттракционда 25 метр биіктіктен секірген әйел көз жұмды. Бір күннен кейін полиция аттракционның нұсқаушысын ұстаған болатын. Күдіктіге қатысты тексеру жүргізілді.