Алматыда анасын өлтірген жасөспірім психикалық ауруханаға жатқызылды

Алматыда анасын өлтірген жасөспірім психикалық ауруханаға жатқызылды

Алматыда анасын өлтірген жасөспірім психикалық ауруханаға жатқызылды
ашық дереккөзі
Кәмелет жасына толмаған алматылық жасөспірімге анасын өлтіргені үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады, – деп жазды ҚазАқпарат. 8 қаңтарда 15 жасар жасөспірім үйінде қысқатолқынды пешті пайдаланып қағаздарды өртеп жіберген. Өртті байқаған анасы оған ескерту айтып, отты сөндіреді. Сол сәтте жасөспірім асхана пышағын алып, анасының мойны мен кеудесіне бірнеше рет сұғып алған. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы жасөспірім қылмыс жасау кезеңінде психикалық бұзылуларға байланысты (параноидты шизофрения) өзінің әрекетінің қауіптілігін сезіне алмайтынын анықтады. «Кәмелетке толмаған жігіт сот үкімімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары (психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емделу) тағайындалды», - деді Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. Үкім заңды күшіне енген жоқ.