Мәслихат депутаты қарттарға ақшалай көмек көрсетті

Мәслихат депутаты қарттарға ақшалай көмек көрсетті

Мәслихат депутаты қарттарға ақшалай көмек көрсетті
ашық дереккөзі

Қарағанды облысындағы «Ардагерлер ұйымы» аудандық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ардагерлер ұйымына іс-шаралар өткізуге көмек көрсетуді сұрап Қарағанды облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Георгий Прокоптың жеке қабылдауына барған.

Қарттар күні қарсаңында 70 жастан асқан қарияларға қолдау жасау, М.Сүлейменов атындағы мектептің мұражайын безендіруді ұйымдастыру үшін демеушілік көмек көрсету сынды бірқатар мәселелермен жүгінген. «Шахтерское» ЖШС басшысы Г.Г.Прокоп «Ардагерлерді ардақтайық» партия жобасы аясында қаржылай көмек көрсетті. Атап айтар болсақ, аудандық Ардагерлер ұйымына 150 000 теңге, Қарттар күні қарсаңында 70 жастан асқан қарияларға 470 мың теңге, тың игерушілер мен «Шахтерское» серіктестігінің зейнеткерлеріне 2 млн 160 мың теңге, аудандық ардагерлер ұйымына М.Сүлейменов атындағы мектептің мұражайын безендіруді ұйымдастыру үшін 300 мың теңге соммасында демеушілік көмек көрсетті.