“Баламды 5-сыныптың оқушысы ұрып өлтірді”: қайтыс болған оқушының анасы әділдік іздейді

“Баламды 5-сыныптың оқушысы ұрып өлтірді”: қайтыс болған оқушының анасы әділдік іздейді

“Баламды 5-сыныптың оқушысы ұрып өлтірді”: қайтыс болған оқушының анасы әділдік іздейді
ашық дереккөзі

Түркістан облысында мектепте жағдайы нашарлап, ауруханада қайтыс болған оқушының жақындары әділдік іздейді. Олар баланы сыныптасы соққыға жыққанын, салдарынан осындай қайғылы оқиға болғанын айтады. Ал мектеп басшылығы мұны теріске шығарып отыр.

Баланың әжесінің айтуынша, өткен аптаның жұма күні баласын сыныптасы ұрып басын және бүйрегін ісіріп жіберген. Содан бастап бала қатты қиналып, ыстығы көтеріліп ақыры соңында ауруханада көз жұмған. Бұл жағдайды мектеп басшылығы біледі екен. Бірақ олар баланың өзі науқас болған деп мойындамай отырған көрінеді.

Бұл туралы «Еуразия» арнасы хабарлады.

«Баламды дәрігерге апардық қой. Басынан соққы алған дейді, қан ұйып қалған депті. Одан кейін тамыры қасылып қалған дейді. Бүйрегі де ісіп кеткен, мен өз көзіммен көрдім», - дейді баланың әжесі Гүлнара Маханова.

Сондай-ақ, баланың жақындарының айтуынша, мектеп қабырғасындағы әлімжеттік көрсету тоқтамаған. Яғни, бір-бірінен ақша жинап, қысым көрсетуден біраз оқушы зәразап болып жүргендерін жасырмайды.

Ал, мектеп басшылығы қайтыс болған баланың онсыз да ауырып жүргенін айтып, соққыға жықты дегенді үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ, директор  мектептегі бейнебақылау камеларындағы жазбаны түрлі сылтау айтып кері айналдырып көрсетіп бере алмаған.

 «Ол үшінші күні де, төртінші күні де, бесінші күніде мектепте болған. Дүйсенбі күні әжесі алып келген, дүйсенбі күні соңғы сабақта баланың шамалы қызуы көтеріліп, ағасы келіп мектептен алып кетеді. Міне, содан соң температурасы 39 көтеріліп, содан ауруханада көз жұмды деп айтып жатыр», дейді мектеп директоры Уәлихан Бесімбаев. 

Алайда, қайтыс болған оқушының жақындары мектеп директорының айтқанымен мүлдем келіспейді. Себебі, олар  марқұм ұлдары соққы алғанға дейін  еш сыртқантанбағанын айтып отыр. Қазір аталған жағдай бойынша полиция департаментінде тексеру басталып, сараптама тағайындалған.

https://youtu.be/DyOeg_vDDjE