«Junior Eurovision 2021»: Ұлттық іріктеудің 10 финалисі анықталды

«Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алу  үшін жарысқан 10 орындаушының есімі белгілі болды. Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған байқауға Қазақстанның төртінші мәрте қатысуы – «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Ұлттық іріктеудің өтуіне Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктері қолдау білдірді. Жоба «Хабар» Агенттігінің серіктесі – «ADAM media group» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Жобаның jevision.khabar.kz ресми сайтында көрермендердің онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша финалистердің есімдері белгілі болды.

Олар:

1. Амантай Айғаным Айбекқызы
2. Бекнұр Жәнібекұлы
3. Асгатова Амина Бауржанкызы
4. Саакян Армен Ервандович
5. Хамзин Алинур Азаматович
6. Табарина Екатерина Денисовна
7. Маким Жан Алиұлы
8. Түгелбай Әлімжан Майрамбекұлы
9. Жұмабай Әбілқайыр Досанұлы
10. Суленова Адина Ерлановна

Биыл, өткен жылғы дәстүрмен, еліміздің композиторлары финалистерге арнайы 2021 жылдың 6 қарашасында «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін гала-концертте шырқалатын 10 әнді жазып береді. «Junior Eurovision» Ұлттық іріктеу жеңімпазын әділ қазылар алқасының бағалауы және қазақстандықтардың SMS дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 19 желтоқсан күні Парижде өнер көрсетеді.

 

Back to top button