Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан Әлібиге жиналған 4 миллион теңгенің есебін сұрады

Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан халықтан жиналған 4 миллион теңгенің есебін сұрады.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Мен жалдаған екі адвокат әйел «қатырады», деді. Ол кісі (Майра Ілиясова) бізден бір көйлекті бұрын тоздырды ғой деп, шамамен 4 млн ақшаны сол кісіге тапсырдық. Енді ол адвокаттар қайда, Майра апай? Қыста “Еуразия” арнасы Әліби туралы бағдарлама түсіргенде, ол екі адвокатты неге көрмедік?
Аттарын да ұмытыппын. Әлия-Лаура ма еді? Кім еді? Нүркөн бе еді? Түсірілім барысында, біз жалдаған адвокаттар өздері келмей, орнына жұмсаған адвокат, Әлібиді 7 рет Алишер деп атын шатастырғанына бәріміз куәміз”, – дейді әнші.

“Құдай қаласа, Әліби бостандыққа шыққанда ғана бұл тақырыпты жабамын. Майра апай, бұл – халықтан жиналған ақша! Сіз жалдаған адвокаттар елдің алдында есеп берсін! Не бітірді? Неге нәтиже жоқ? Тегін қорғаймын деп талпынып отырған Абзал Құспанның жол қаржысын, Қызылордаға барғанда мейрамхана, тамақ-суын кім төлейді? Жауап күтемін!” – деді Түсіпбаева.

Айта кетейік, лагерьдегі балаларға азғындық жасады деп сотталған студентке шығарылған үкім сол күйі өзгеріссіз қалдырылған еді. Алайда жәбірленуші тарап әлі де Әлібидің ақталып шығуынан үмітті.

Back to top button