Жаңалықтар

Qanattylar инклюзив театры ашылды

Qanattylar инклюзив театры ашылды

Елімізде тұңғыш рет «Жастар театры» жанынан ерекше жандарға арналған  Qanattylar инклюзив театры ашылады. Су жаңа театр Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен 2021 жылдың 15 қазан күні алғашқы премьерасы көрермен назарына ұсынбақ. Бұл туралы театрдың ресми парақшасы жазды.

Qanattylar – бұл мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан бойында дарыны мен шығармашылық қабілеті бар адамдарды қолдауға, таланттарын әрі қарай шыңдауға, сондай-ақ оларды тұрақты жұмыспен қамтуға арналған инклюзив театр. Театр артистерінің сахна төрінде жарқырай өнер көрсетуі – көрермен қошеметі мен ықыласына бөленуіне, шығармашылығымен танысуына жол ашады. Белгілі ақын Гүлнар Салықбайдың «Қанаттылар» атты музыкалық-поэтикалық қойылымы сахналанады. Қойылым режиссері – Нұрфат Вахитов. Көрерменге түсінікті болу үшін ілеспе аудармашы да жұмыс істейді.