Qanattylar инклюзив театры ашылды

Qanattylar инклюзив театры ашылды

Qanattylar инклюзив театры ашылды
ашық дереккөзі
Елімізде тұңғыш рет «Жастар театры» жанынан ерекше жандарға арналған  Qanattylar инклюзив театры ашылады. Су жаңа театр Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен 2021 жылдың 15 қазан күні алғашқы премьерасы көрермен назарына ұсынбақ. Бұл туралы театрдың ресми парақшасы жазды. Qanattylar – бұл мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан бойында дарыны мен шығармашылық қабілеті бар адамдарды қолдауға, таланттарын әрі қарай шыңдауға, сондай-ақ оларды тұрақты жұмыспен қамтуға арналған инклюзив театр. Театр артистерінің сахна төрінде жарқырай өнер көрсетуі – көрермен қошеметі мен ықыласына бөленуіне, шығармашылығымен танысуына жол ашады. Белгілі ақын Гүлнар Салықбайдың «Қанаттылар» атты музыкалық-поэтикалық қойылымы сахналанады. Қойылым режиссері – Нұрфат Вахитов. Көрерменге түсінікті болу үшін ілеспе аудармашы да жұмыс істейді.