Байқау жарияланды: ауыл мектебіне директор болған адамға 100 мың доллар беріледі

Байқау жарияланды: ауыл мектебіне директор болған адамға 100 мың доллар беріледі

Байқау жарияланды: ауыл мектебіне директор болған адамға 100 мың доллар беріледі
ашық дереккөзі

BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев ауыл мектебінің директорлығына байқау жариялады. Ауыл мектебіне директор болған адамға 100 мың доллар немесе елордадан үш бөлмелі пәтер сыйға беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бір кездері өзім білім алған ауыл мектебіне директорлыққа байқау жариялаймын. Мен бір-екі жыл бұрын мектепті күрделі жөндеуден өткіздім. Алайда білімді мектеп қабырғасы емес, мұғалім беретінін есте ұстау қажет. Осыған байланысты мектеп директорларына байқау жариялаймын. Қатысушыларға қояр үш шартым бар: Бірінші шарт — үш жыл осы мектепте жұмыс істеу. Білім ордасының деңгейін арттыру, сондай-ақ өзіне ізбасар дайындау. Мектеп ШҚО Көкпекті ауданы, Казнаковка ауылында (Құлынжан), Өскемен қаласынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан. Екіншіден — білім беру әдісі қарапайым болмайды, Финляндияның үздіксіз білім беру үлгісіне ұқсас дайындалған, яғни 2-12 жас аралығындағы бастауыш мектеп түрінде болады. Яғни баға жүйесі болмайды, ойын мен оқыту (play and learning school) түрінде жасалған, - деп жазды Айдын Рахымбаев Instagram-дағы парақшасында.