Көкшетаудағы газ жарылысы: Дәрігер зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты

Көкшетаудағы газ жарылысы: Дәрігер зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты

Көкшетаудағы газ жарылысы: Дәрігер зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзі
Көкшетауда бес қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан зардап шеккен адамның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалады. Ақмола облыстық көпбейінді аурухана директорының орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, ауруханаға жарылыстан кейін күйік шалған әйел түскен. «Оның жағдайы орташа ауыр, денесінің 20 пайызын (аяқтарын) күйік шалған. Ол есін біледі, жағдайы тұрақты, жалпы палатаға жатқызылды. Науқас барлық қажетті емді толық көлемде алуда», - деді Д.Чайков. Ал, екінші зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылған жоқ. Еске сала кетсек, кеше Көкшетау қаласының Көктем шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Одан екі адам зардап шекті.