Жаңалықтар

ЖОО-ға грантқа түсу үшін 750 мың теңге беріп, алданып қалған

Өскемен қаласының тұрғыны университетке грантқа түсіремін деген алаяққа 750 мың теңге беріп, алданып қалған.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Үлбі полиция бөліміне 42 жастағы азамат жүгінген.

Ол 26 жастағы танысына ұлын қаладағы университеттердің біріне грантқа түсіруге көмектесетіні үшін ақша бергенін жеткізді. Алайда қолына 750 мың теңге алған соң, ер адам хабар-ошарсыз кеткен. Алданып қалғанын түсінген шаһар тұрғыны тәртіп сақшыларынан шара қолдануды сұрады.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні көп ұзамай ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді басқарма бастығы Андрей Мула.

Back to top button