Жаңалықтар

Шымкент тұрғыны қызыл құрт өсіріп миллионер атанған

ашық дереккөзі

Шымкент тұрғыны қызыл құрт өсіріп миллионер атанған

30 жастағы шымкент тұрғыны калифорния қызыл құртын өсіріп, миллионер атанған. Бүгінде оның 2 миллиондай шұбалшаңы бар. Оның әрбірін 10 теңгеден сатады.

Бұл туралы Express Qazaqstan жазды.

Ілияс Икрамов құрт өсіруді 2019 жылы қолға алған. 350 дана калифорния қызыл құртын сатып алған жас жігіт оны 7 ай бойы әбден зерттеген. Ол кезде магистратурада оқиды. Мамандығы бойынша эколог-биолог. Алғашында үйіндегілер таңырқап, тіпті "құрт асырап, байымай-ақ қой, пайда әкелмейді" деп қарсылық танытқан екен. Алайда уақыт өте сатып алушылар тұрақты түрде келе бастаған соң оң қабақ танытыпты.