Төрткөл су қоймасына батып кеткен балықшының мәйіті табылды

Төрткөл су қоймасына батып кеткен балықшының мәйіті табылды

Төрткөл су қоймасына батып кеткен балықшының мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының құтқарушылары Төрткөл су қоймасына батып кеткен балықшының мәйітін тапты. Ер адамның денесі жағадан 500 метр жерден табылды. 10 қазанда бірнеше адам Бұқар жырау ауданындағы Төрткөл көліне балық аулауға шыққан. Ер адамдардың бірі қайыққа мініп, ал қалған достары жағалауда балық аулаған. Өзі жалғыз қайықпен кеткен балықшыны жолдастары соңғы рет кешке көргенін айтады. Біраз уақыттан соң оны іздеуге шыққан. Алайда таба алмаған. Келесі күні таңертең 11 қазанда балықшылар досын таба алмай, құтқарушыларға хабарласқан. «Іздеу жұмыстарының бірінші күні арнайы топ балықшының аударылған рәзіңке қайығын тапты. Бүгін құтқарушылар суға батып кеткен адамның денесін жағадан 500-600 метр қашықтықтан тапты», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі. Құтқарушылар азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады.