Астананың бірқатар көшелері ауысты

Астананың бірқатар көшелері ауысты

Астананың бірқатар көшелері ауысты
ашық дереккөзі
Белгілі публицист, "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп өзінің "Фэйсбуктегі" парақшасында көпшілік үшін жағымды жаңалықтың шетін шығарды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақшаға көше алмай келе жатқан біраз көше мен теміржол стансаларының аты ауысатын болыпты. Бұл жаңалық Үкімет жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысынан кейін жария етілді. Мәселен, "Астанадағы Орынбор даңғылы - Мәңгілік ел даңғылы, №36 шы және Еңбекшілер көшесі біріктіріліп - Әлихан Бөкейхан даңғылы деп аталатын болды. Бұқар Жырауға, Нияз биге, Кенен Әзірбаевқа, Бейімбет Майлинге, Ханшайым Сүйінбикеге, Темірбек Жүргеновке, Сұлтанбек Қожановқа, Рабиға Есімжановаға, Сәкен Жүнісовке, Қайым Мұхамедхановқа бір-бір жаңа көше бұйырды. Үкімет жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысында Қазақстандағы бірқатар теміржол стансаларының атауы ұлттық сипатына оралды: Алма-Ата-1, Алма-Ата-2-нің орнына Алматы-1, Алматы-2 деп, Кустанай - Қостанай, Осакаровка - Сарыбел, Карьерная - Ортас, Семипалатинск - Семей, Талды-Курган - Талдықорған, Чимкент - Шымкент, Сары-агач - Сарыағаш, Джетісай - Жетісай, Джамбул - Тараз, Саксаульская - Сексеуіл, Казалинск - Қазалы, Джусалы - Жосалы, Тюратам - Төретам, Хор-хут - Қорқыт, Джалагаш - Жалағаш, Кзыл-Орда - Қызылорда, Соло-тобе - Сұлутөбе, Чиили - Шиелі, Тюмень-арык - Төменарық үлгісінде қайта жаңартылды. Жалпы стансалар бойынша 91 атау өзгертілді. Қалың ағайынға құтты болсын айтамыз!", - деп жазды "Айқын" газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп.