Димаш Құдайберген Қытайда реалити-шоуға қатысады
12 қазан, 2021 /
Асыл ТҰМАР
Димаш Құдайберген Қытайда реалити-шоуға қатысады
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда реалити-шоуға қатысады. Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
«Бейжіңнен Уси қаласына ұшып келдік. Жақын арада бір қызықты бағдарламаға қатысқалы жатырмын. Бұл жобада Қытайда танымал әртістер 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, өзара топтардың ойындарын жүргізеді», - дейді әнші.
Оның айтуынша, бұл – вокалдық сайыс емес.
«Бұл жобада: танымал әншілер, актерлер, реперлер, бишілерден топ жасақталып, сол топты жоба соңына дейін жеткізу қажет. Миссиясы ойын түріндегі бұл жоба сіздер үшін де қызық болады деп ойлаймын», - деп жазды Д.Құдайберген желіде.
Еске салайық, қазақстандық әнші шығармашылық жұмыстарын жалғастыру үшін қыркүйек айының соңында Қытайға оралғанын жазған болатын.