Жаңалықтар

Алматыдағы атыс: Қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер берілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғадан қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесті.

Кездесу барысында қала әкімі көңіл айтып, полицейлердің жесірлеріне пәтер кілтін табыстады.

Полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында 5 және 7 жастағы екі баласы қалды.

Полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етті. 2021 жылдың 20 тамызынан бастап Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, олардың ең кішісі – 4, үлкені – 16 жаста.

Айта кетейік, 20 қыркүйек күні Алматыда атыс болып, 5 адам қаза тапты. Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Back to top button