Жаңалықтар

Президент Елбасын ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды

ашық дереккөзі

Президент Елбасын ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды

Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес жанындағы ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды, деп хабарлайды sputnik.kz. Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбіде елдер кеңес жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауы тиіс. "Мүше мемлекеттер ғұламалар кеңесін құруды қолдады және үміткерлерді ұсына бастады. Бүгін біз ғұламалар кеңесі туралы ереже бекітеміз. Таңертең бізбен кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылтайшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ғұламалар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынды, сіздер бұл кандидатураны бекітесіздер деп үміттенемін", - деді Рахметуллин кездесуге қатысушыларға.