Ресей азаматы Ақмола облысындағы әйелі мен баласын өлтіріп, қашып кеткен

Ресей азаматы Ақмола облысындағы әйелі мен баласын өлтіріп, қашып кеткен

Ресей азаматы Ақмола облысындағы әйелі мен баласын өлтіріп, қашып кеткен
ашық дереккөзі

Ресей азаматы Ақмола облысындағы әйелі мен баласын өлтіріп, қашып кеткен. Бұл туралы марқұм әйелдің қызы айтты, деп хабарлайды ASTANA телеарнасы.

Қыз өгей әкесі жазадан жалтарып кетеді деп қорқып отыр, өйткені ол қазір елде емес. Роксана Халдееваның айтуынша, анасы өткен жылдың қазан айында қаза тапқан. Қыз өгей әкесінен күдіктенеді. Ерлі-зайыптылар балаларымен Атбасарға кетеді. Ал бір тәуліктен кейін өгей әкесі жалғыз оралады, анасы мен сәби әлі де сол жақта қала тұратынын айтады да бірнеше киімін алып, үйден кетіп қалады. Бірақ сол кеште полиция Роксанаға анасы Елена Халдееваның қайтыс болғанын хабарлайды. Ал кішкентай қыздың мәйіті 2018 жылы Атбасардағы кәріз люгінен табылған. Қыз өгей әкесінің туған баласын өлтіргеніне және осы уақыт ішінде қорқынышты қылмысты жасырғанына сенімді. Халдеева Елена Петровна -2018 жылы өлі табылған нәрестенің анасы, бұл туралы ешкім білмеді. Кейін екі қылмыстық іс бір-біріне біріктіріліп, Русланға халықаралық іздеу жарияланды. Күдікті Руслан Назмиев 7 қазанда Қазанда ұсталды. Бірақ халықаралық шарттарға сәйкес Ресей азаматын Қазақстанға экстрадициялауға болмайды, дейді Ақмола облысының полициясы. Істі Ресей Федерациясының құзыретті органдарына жіберу туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жіберу жоспарланып отыр, дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук.