Атырауда шетелдіктерді жұмыспен қамту көрсеткіші екі есе төмендеген

Атырауда шетелдіктерді жұмыспен қамту көрсеткіші екі есе төмендеген

Атырауда шетелдіктерді жұмыспен қамту көрсеткіші екі есе төмендеген
ашық дереккөзі

Шетелдіктерді жұмысқа қабылдау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен берілетін квота саны азайды. Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Өткен жылы шетелдіктерге 10 567 квота бөлінсе, биылғы рұқсат саны 7 723-ке төмендеген. Ал жыл басынан бері Атырау облысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі Комиссия шешімімен 558 шетел азаматының өтініші қабылданбаған. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, бөлінген квота шеңберінде 2021 жылдың 1 қазанына дейін жұмыс берушілерге шетелдік мамандарды қабылдау үшін берілген рұқсат саны - 6 244. Айта кетейік, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда 91 057 қазақстандық маман жұмыс істейді.