Жаңалықтар

Қарамағындағы қызметкер пара алған: БҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

ашық дереккөзі

Қарамағындағы қызметкер пара алған: БҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев қызметінен кетті, деп хабарлайды "Мой город". Сот БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповқа қатысты үкім шығарды. Ол қылмыстық кодекстің 366-бабы "Пара алу" бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды. Заң бойынша қарамағындағы қызметкер  жемқорлық бойынша айыпты болған басшы отставкаға кетуі керек. Облыс әкімі Ғали Есқалиев өз орынбасарының отставкасын қабылдап, оны қызметінен босатты. "Болатбек Қайыповқа қатысты соттың айыптау үкімі шықты, осыған байланысты Айдар Нұралиев отставкаға кетуге міндетті болды. Менің білуімше, оның отставкаға кетуі қабылданды, Нұрәлиевті қызметінен босату туралы өкім бар. Бүгін бізді ресми хат арқылы хабардар ету керек", - деді Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев. Айдар Нұралиев облыс әкімінің орынбасары қызметінде бір жылдан астам уақыт болды. Ол бұл қызметке 2020 жылғы маусымда тағайындалды.