Жаңалықтар

Жамбыл облысында полицейлер 8 жыл бұрынғы қылмысты ашты

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының 24 және 26 жастағы тұрғындарын ұстады. Олар екі айға қамауға алынды.

Қазіргі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктілер кінәсін толық мойындады.

2013 жылғы 6 қарашада сағат 22:00 шамасында Т. Рысқұлов АПБ-на Құлан ауылының 56 жастағы тұрғыны екі белгісіз тұлғаның автокөлікте келе жатып, қарақшылық әрекет жасап, пышақпен дене жарақаттарын салғаны туралы арызданды.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің (1997 жылғы басылым) 179-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесіне қатысты жариялауға жатпайтынын еске саламыз, деп мәлімдеді ПД.

Back to top button