Тәуелсіздік – 30

12 қазанда қандай елеулі оқиғалар болды?

(1991) Қазақстан Жастар одағы құрылды.

(1997) Алматыда Ұлттық ақпарат орталығы ашылды.

(2004) Қазақстан білім мен ғылым қызметкерлерінің үшінші съезі өткізілді.

(2005) Астрахан облысы Володар ауданындағы Алтынжар селосында ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекетаралық мәдени орталық ашылды. Киіз үй пішіндес ғимаратта Құрманғазының мұражайы, қазіргі заманғы қонақүй және музыка бөлмесі орналасқан. Соңғысында домбыра, фортепьяно, баян және теориялық музыка сыныптары бар. Ал мұражайға 19 ғасырдағы қазақ тұрмысының жәдігерлері, Құрманғазының киімдері мен тұтынған заттары қойылған.

(2008) қазанның 12-14 аралығында Австрияның Федералдық Президенті Хайнц Фишердің Қазақстанға ресми сапары болды. Сапар барысында еліміздің басшысымен келіссөздер жүргізіліп, екіжақты ынтымақтастықтың бүкіл салалары талқыланды.

(2009) Минск қаласында өткен жылдың үздік құрылысы және жобасы халықаралық байқауында қарағандылық архитектор Рамазан Әубәкіровтің жұмысы Алтын медалімен марапатталды. Халықаралық архитекторлар одағының қауымдастығы өткізіп отырған байқауға Қарағандыдан 5000 орындық мешіттің жобасы ұсынылды. Жұмысты орындаған авторлардың бірі Р.Әубәкіровтің айтуынша, жоба қасиеті Қағба тасының бейнесіне келтіріліп жасалған. Авторлар куб формасындағы мұсылман мешітін, күмбезі мен мұнарасын ақ түспен жасауды және оларды шынымен қаптап қоюды ұсынды

(2011) Астанадағы Ядросыз әлем үшін Халықаралық форумының қорытындысы бойынша ядросыз әлем туралы Декларация қабылданды.

(2011) РФ-ның Астрахань облысы Шағын Арал ауылында Бөкей хан кесенесінің ашылу салтанаты өтті.

(2012) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі proof сапасымен номиналдық құны 100 теңгелік Барыс және номиналдық құны 500 теңгелік бір гауһар орнатылған Үкі ескерткіш алтын монеталарын айналымға шығарды.

(2015) ҚР Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Иманғали Тасмағамбетов ҚХР қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен кездесті.

Back to top button