"Жылан көрсетейін дедім": Түркістан облысында балабақша қызметкері баланы жертөлеге қамап тастаған

"Жылан көрсетейін дедім": Түркістан облысында балабақша қызметкері баланы жертөлеге қамап тастаған

"Жылан көрсетейін дедім": Түркістан облысында балабақша қызметкері баланы жертөлеге қамап тастаған
ашық дереккөзі

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында балабақша қызметкері баланы жертөлеге қамап қойған.

Оқиға  “Ақ көгершін” балабақшасында болған. Нұрсұлтан Тошаев есімді Facebook қолданушысының айтуынша, Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округіндегі балабақшада тәрбиеленушіні жертөлеге қамап қойған. Онда жертөледе болғанын айтқан кішкентай бала өзін қамаған жерін көрсетіп, қатты қорыққанын айтады. Бұл уақытта тәрбиеші жұмыста болмаған. Бүлдіршінді балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы жертөлеге апарған екен. Ол баланы қараңғы бөлмеде қамап қою ойында мүлдем болмағанын, тек “жылан көрсету үшін” апарғанын айтқан. Оқиғаға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті пікір білдірді.
“Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Сарыағаш ауданындағы балабақшада 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған видеоны көріп қалды. Бұл жазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері мен ауданның прокуратура қызметкерлері бірден оқиға орнына барды. Болған жайт анықталып, Сарыағаш АПБ-де тіркеуге алынды”, – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары балабақша қызметкерлерінен және кәмелет жасына толмаған баланың ата-анасынан жауап алған.