Аттракциондағы өлім: Ұйымдастырушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Аттракциондағы өлім: Ұйымдастырушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Аттракциондағы өлім: Ұйымдастырушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
ашық дереккөзі

Полицейлер  33 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық істі қарап жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға кеше, 10 қазанда болған.
"Қылмыстық іс ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігінен ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы қылмыстық іс аясында полиция аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын, қауіпсіздік ережелері сақталғанын анықтайды", - деп толықтырды полиция.
Осы бап бойынша кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қарағандылық блогер Денис Денскидің ақпараты бойынша, қаза тапқан Евгенияның артында кішкентай балалары мен жолдасы қалды. Ол бұған дейін де биіктен секірумен әуестенген.