Жаңалықтар

Аттракциондағы өлім: Ұйымдастырушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ашық дереккөзі

Аттракциондағы өлім: Ұйымдастырушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Полицейлер  33 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық істі қарап жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қайғылы оқиға кеше, 10 қазанда болған. "Қылмыстық іс ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігінен ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы қылмыстық іс аясында полиция аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын, қауіпсіздік ережелері сақталғанын анықтайды", - деп толықтырды полиция. Осы бап бойынша кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қарағандылық блогер Денис Денскидің ақпараты бойынша, қаза тапқан Евгенияның артында кішкентай балалары мен жолдасы қалды. Ол бұған дейін де биіктен секірумен әуестенген.