Әйелін өлтіріп, қызы мен жиеніне қастандық жасаған ер адамға сот үкімі шықты

Әйелін өлтіріп, қызы мен жиеніне қастандық жасаған ер адамға сот үкімі шықты

Әйелін өлтіріп, қызы мен жиеніне қастандық жасаған ер адамға сот үкімі шықты
ашық дереккөзі

Солтүстік Қазақстан облысында әйелін өлтіріп, қызы мен 12 жасар жиеніне қастандық жасаған ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот әйелін атып өлтіріп, тағы екі адамды, оның ішінде 12 жастағы баланы өлтіруге оқталу фактісі бойынша 58 жастағы Юрий Глушковқа қатысты қылмыстық істі қарады. Оқиға биыл 10 мамырда Тимирязев ауданында болған еді. Ерлі-зайыптының мерекелік отырысы жанжалмен аяқталып, әйел қызының үйіне кетіп қалады. Мас ер адам жұбайын үйіне қайтармақ болады, бірақ жанжал қайта өршіп, күйеуі мылтық пен пневматикалық тапаншаны пайдаланып, әйелін атып тастайды. Кейін қылмысты жасыру үшін жиенін және қызын өлтірмек болады. Юрий Глушков әйелін басынан және кеудесінен атқан. Кейін 12 жасар жиеніне де оқ атап, қызына қастандық жасайды.
Сотта ер адам: «Мен оларды өлтіргім келген жоқ, тек қорқытпақ болдым», - дейді.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және сараптамалар қорытындысымен дәлелденді. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ер адамға 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.