Қызылорда облысында мектеп маңында жарылыс болды

11 қазан, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында мектеп маңында жарылыс болды

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы орта мектеп аумағында қазандық жарылды.  

Бұл туралы NEGE.KZ хабарлады.

"Бүгін таңертең 8:15-те Қызылорда облыстық Төтенше жағдай департаментіне Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы №238 орта мектебінің аумағындағы (мектептен 50 метр қашықтықтықта) жылыту қазандығының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Қазандық ғимаратының қабырғалары бұзылған. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ", – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Саид Молдакараев.
Қазандық ғимаратының үйінділерін мектептің 15 қызметкері мен 2 арнайы техника жинастырып жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің екі қызметкері мен бір техника жіберілген. Мектепте сабақ тоқтатылған жоқ.