Головкин ең табысты Pound-For-Pound боксшылары тізімінде екінші орында

Головкин ең табысты Pound-For-Pound боксшылары тізімінде екінші орында

Головкин ең табысты Pound-For-Pound боксшылары тізімінде екінші орында
ашық дереккөзі
Қазақстандық Геннадий Головкин ең табысты Pound-For-Pound боксшылар ондығында Forbes басылымының жаңартылған рейтінгінде екінші болып қалып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл тізімде Головкин бұрынғысынша мексикалық Сауль "Канело" Альвареске жол беріп тұр. Алварестің соңғы жекпе-жегі 20 миллион доллар жинаған болатын. Ал Головкин түрлі басылымдардың мәліметінше, Келл Брукпен қыркүйекте өткізген жекпе-жегі үшін үштен бес миллион долларға дейін табыс тапқан. Бұл гонорар GGG үшін рекордты болып келеді. Ең табысты P4P боксшылар ондығының тізімі келесідей: 1. Сауль "Канело" Альварес; 2. Геннадий Головкин; 3. Андре Уорд; 4. Сергей Ковалев; 5. Владимир Кличко; 6. Кит Турман; 7. Деонтей Уальдер; 8. Теренс Кроуфорд; 9. Роман Гонсалес; 10. Эррол Спенс. Forbes басылымының ұдайы шығып тұратын P4P рейтінгі бар, онда Головкин алғашқы үштікті қорытындылап тұр. Бұл тізімде қазақстандықтың алдында никарагуалық Роман Гонсалес (1) және америкалық Андре Уорд (2) тұр. Бұл тізімде ары қарай 4) Сергей Ковалев; 5) Теренс Кроуфорд; 6) Сауль Альварес; 7) Василий Ломаченко; 8) Гильермо Ригондо; 9) Келл Брук; 10) Кит Турман орналасқан.