Жаңалықтар

Түркістанда «Жан» фильмінің қазақ тіліндегі қайырымдылық көрсетілімі өтті

ашық дереккөзі

Түркістанда «Жан» фильмінің қазақ тіліндегі қайырымдылық көрсетілімі өтті

Түркістан қаласында 9 қазанда Kinopark 4 кинотеатрында қазақ тіліне дубляждалған «Жан» («Душа») фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін ұйымдастырылған көрсетілім алдында аниматорлардың қатысуымен, кішкентай көрермендерге арналған тәттілер, ойындар мен конкурстар өткізілген ойын-сауық бағдарламасы болды. Көрсетілімнің ұйымдастырушылары – «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Nur Otan» партиясы. Фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бойынша «Өзіңнен баста» жобасы «Болашақ» қорының Қамқоршылар кеңесінің құрметті мүшесі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің белсенді қатысуымен және қолдауымен жүзеге асырылады. 2011 жылдан бастап Қазақстан кинотеатрларында Disney, Pixar, Marvel, Sony Pictures және т.б. жетекші әлемдік киностудиялардың қазақ тіліне дубляждалған 37 фильмі көрсетілді. Фильмдердің басым бөлігі – Disney, Pixar, Sony Pictures студияларының балаларға арналған анимациялық туындылары. Қараша айында прокатқа қазақ тіліне дубляждалған «Энканто» фильмі шығады. «Жан» фильмінің дубляжының демеушісі BI Group компаниясы болды.