Түркістанда «Жан» фильмінің қазақ тіліндегі қайырымдылық көрсетілімі өтті

Түркістанда «Жан» фильмінің қазақ тіліндегі қайырымдылық көрсетілімі өтті

Түркістанда «Жан» фильмінің қазақ тіліндегі қайырымдылық көрсетілімі өтті
ашық дереккөзі
Түркістан қаласында 9 қазанда Kinopark 4 кинотеатрында қазақ тіліне дубляждалған «Жан» («Душа») фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін ұйымдастырылған көрсетілім алдында аниматорлардың қатысуымен, кішкентай көрермендерге арналған тәттілер, ойындар мен конкурстар өткізілген ойын-сауық бағдарламасы болды. Көрсетілімнің ұйымдастырушылары – «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Nur Otan» партиясы. Фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бойынша «Өзіңнен баста» жобасы «Болашақ» қорының Қамқоршылар кеңесінің құрметті мүшесі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің белсенді қатысуымен және қолдауымен жүзеге асырылады. 2011 жылдан бастап Қазақстан кинотеатрларында Disney, Pixar, Marvel, Sony Pictures және т.б. жетекші әлемдік киностудиялардың қазақ тіліне дубляждалған 37 фильмі көрсетілді. Фильмдердің басым бөлігі – Disney, Pixar, Sony Pictures студияларының балаларға арналған анимациялық туындылары. Қараша айында прокатқа қазақ тіліне дубляждалған «Энканто» фильмі шығады. «Жан» фильмінің дубляжының демеушісі BI Group компаниясы болды.  width= Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Азамат Божаков және т.б. қатысты. «Биыл «Болашақ» қорына 10 жыл және «Өзіңнен баста» фильмдерді дубляждау жобасына 10 жыл толды. Бизнестің және демеушілік қолдаудың арқасында 10 жыл бойы кинотеатрларда қазақ тіліндегі киноға тең қолжетімділік жасап келеміз. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының белсенді қатысушысы ретінде Қор бірқатар ұсыныстар, оның ішінде шетелдік балалар контентін және отбасымен көруге арналған фильмдерді дубляждауға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету бөлігінде ұсыныстар берді. Біз жылына шамамен 15 фильм туралы айтып отырмыз. Анимациялық фильмдер мен отбасымен көруге арналған фильмдердің дубляжын қамтамасыз етудегі мемлекеттік қолдау «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы іс-шараларының бір бөлігі болды. Жақын арада отбасымен көруге арналған шетелдік мультфильмдер мен фильмдер міндетті түрде қазақ тіліне дубляждалады деген үміттеміз», - деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Азамат Божаков. Биыл қаңтар айында үлкен экрандарға шыққан «Жан» фильмі ізденістегі адам жанының қызықты саяхаты туралы баяндайды. Авторлар адам жанын кейіптеген, олардың ойы бойынша адам жандары кейін адамдарға шабыт беру үшін жанды даярлау орталығында жаттығады. Басты кейіпкер Джо Гарднерді жобаның көптен бері қатысушысы, дарынды актер Дәурен Серғазин дыбыстады. Бұған дейін Дәуреннің дауысымен «Алладин» фильміндегі Жын, «Арыстан патша» фильміндегі сурикат Тимон және Дисней студиясының басқа танымал кейіпкерлері сөйлеген болатын. Сонымен қатар дубляжға Данияр Сванкулов, Меруерт Ермекбаева, сондай-ақ театр және кино актрисасы Майра Омар қатысты. Дубляж жасау кезінде ағылшын тіліндегі мәтін қазақ тіліне жай ғана аударылып қоймай, бейімделеді: түпнұсқа кейіпкерлеріне өзіне тән сөздер, әзілдер сөзбе-сөз емес, жергілікті мәдениеттің ерекшеліктерін ескере отырып аударылады. Мысалы, диалогтардың бірінде кейіпкер АҚШ-тағы әйгілі доктор туралы айтады. Бұл есім біздің көрерменге таныс болмағандықтан, оның есімі белгілі қазақстандық Димаш Құдайбергеннің есімімен алмастырылды. Титрдегі «Өмір ғажап» әнін Mona Songz деген атпен аты шыққан қазақстандық танымал орындаушы Манарбек Жұматай орындады. Бұл әртістің жобаға қатысуының алғашқы тәжірибесі болды.