Бауыржан Байбек: Жас буын – жарқын болашақ

Бауыржан Байбек: Жас буын – жарқын болашақ

Бауыржан Байбек: Жас буын – жарқын болашақ
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысы Төле би ауданында «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Jastar-Otanga!» халықаралық жастар-саяси форумына қатысты. Форумда сөз алған ол «Jas Otan» жастар қанатының ШЫҰ Жастар кеңесі және ICYF Жастар форумына қатысу арқылы халықаралық деңгейде де белсенді жұмыс істеп жатқанын айтып, форумға арнайы шақырылған шетелдік жастар ұйымының өкілдеріне ризашылығын білдірді.  width= «Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік - халыққа қанат бітіретін құндылық. Мұндай баға жетпес байлық кез келген халыққа бұйыра бермейді...», – деген сөзі айтулы күн қарсаңында ерекше мәнге ие. Тұңғыш Президентіміздің осынау ұлағатты сөзін еліміздің жастары жүрек түкпірінде сақтап, әркез жадында ұстап, бағалай білуі тиіс.  Осынау әсем табиғаты мен көз тартар көркі үйлесім тапқан Түркістан облысындағы Леңгір Алатауының бөктерінде «Jastar-Otanga!» форумы алғаш рет халықаралық деңгейде, шетелдік жетекші партиялардың жас көшбасшылары мен белсенді халықаралық жастар ұйымдарының қатысуымен өткізілуде. Бүгінгі кездесуге келген Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Германия, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Қытай елдерінің жастары мен 57 елдің басын біріктірген Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жастар форумының (ICYF)  өкілдеріне алғысымды білдіріп, Қазақстанға қош келдіңіздер дегім келеді!», – деді Бауыржан Байбек.  width= Бүгінде Қазақстанда жастар саясатын жүйелі жүргізуде «Jas Otan» Жастар қанатының атқаратын рөлі ерекше. «Jas Otan» – жай ғана жастар ұйымы емес, маңына 35 жасқа дейінгі 100 мыңнан астам белсенді қазақстандықты топтастырған үлкен алаң. Бүгінде Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға берілген 20 пайыздық квотаға сәйкес, «Nur Otan» партиясынан 35 жасқа дейінгі 616 жас депутат сайланды. Бұл жастардың ел мүддесі үшін қызмет етуіне жасалған маңызды қадамдардың бірі екені айтпаса да түсінікті. Бауыржан Байбек жастарды жан-жақты қолдау үшін көп жұмыс істелініп жатқанын айта келе, «Jas Otan»-ның 2025 жылға дейін құрылған «Жастар – Отанға!» бағдарламасының ерекшелігіне тоқталып, бұл бағдарламаның ел ішінде өткізілген кеңінен талқылаудың нәтижесінде жасақталғанын айтып өтті. Белгілі болғандай, «Жастар-Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша еліміздің әрбір аудан, қала және облысы үшін 216   Жол картасы бекітілген. Жобаға сәйкес, алдағы бес жыл ішінде 3,5 мыңға жуық индикаторға қол жеткізу, 35 жасқа дейінгі 4,5 миллионнан астам жас қазақстандықты қамтитын 6,5 мың іс-шараны іске асыру көзделуде. Бауыржан Байбектің айтуынша, мұндай жүйелік жұмыстың маңызы зор, себебі «Jas Otan» жастар қанаты құрған бұл бағдарлама сапалы білім беру, жұмысқа орналастыру, жас отбасыға қолдау көрсету және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу және азаматтық белсенділік секілді жастарды расымен толғандыратын бес  негізгі мәселеге негізделген. Бауыржан Байбек «Jas Otan»-ның алға қойған мақсаттарынан бөлек, кейінгі кезде, әсіресе әлемді жайлаған пандемия кезінде атқарған жұмысына тоқталып, «Jas Otan»-дықтар Елбасының бастамасымен құрылған «Біз біргеміз!» акциясы аясында Қазақстандағы әлеуметтік әлсіз топтарға 34 млрд. теңге көлемінде қаржылай көмек беруге, сондай-ақ, 320 мыңдаған отбасы атаулы әлеуметтік көмек ұсынуға атсалысқанын ерекше атап өтті. Кездесу соңында ол ақпарат технологиялары мен коммуникация құралдары қанша дамыса да, осылай бетпе-бет отырып, шынайы әңгімелесуге ештеңе жетпейтінін айтып, халықаралық деңгейде өткізілетін мұндай жиындардың жиі өткізілуі керек деген ұсыныс білдірді.  width= «Жас достар! Өз еліңді дамытуға үлес қосудың бір ғана жолы бар. Ол – аянбай еңбек ету. Сіздер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің бастауысыздар. Мемлекеттеріміздің арасындағы достық пен өзара сенімді одан әрі нығайтып, елдеріңізді өркендетуге атсалысу – сіздердің әрқайсыларыңыздың алдыларыңызда тұрған зор міндет, үлкен жауапкершілік. Бүгінгі форум жастар өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге тың серпін беретін идеялар мен ұсыныстарға толы болады деп ойлаймын», – деді сөз соңында Бауыржан Байбек.