Елімізде телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Елімізде телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Елімізде телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады
ашық дереккөзі
20 қазанда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген "Қазтелерадио" сайтында.