Жаңалықтар

«Сойып тастаңдар»: Алматыда жылқыны күрекпен ұрып, зәбір көрсеткендер ұсталды

Алматы полициясы жылқыларды күрек, таяқпен ұрғандарды анықтады.

Жақында желіде белгісіз біреулердің жылқыны жүк көлігіне күшпен мінгізуге тырысып жатқаны туралы видео тарады. Олар жылқыны күрек, таяқпен соғып жатты.

«Жылқылар «Тұлпар» деп аталатын ат спортының атқорасында болған. Қазір оның басшысы ауысып, төрт жылқыны сойып тастау туралы тапсырма берілген соң, оларды осылай жүк көлігіне қарай сүйреп жатыр», – деп жазды еріктілер.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл іс бойынша бүкіл айыпталушылардың (бес негізгі күдікті) анықталғанын хабарлады. Олардың қатысуымен қажетті тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

«5 қазанда Қылмыстық кодекстің 316-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері (жануарларға қатыгездікпен қарау) бойынша Алматы полиция департаменті іс қозғады. Қазір ол іс қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының өндірісінде. Тергеу жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша ақпараттық хабарлама дайын болады», – деп жазды өзінің Instagram парақшасында Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Back to top button