Еліміздің бес өңірі «қызыл» аймақта тұр
Еліміздің бес өңірі «қызыл» аймақта тұр
2021 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта : Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары енген.