Жаңалықтар

11 қазан: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1961 жылы 11 қазанда Семей полигонында алғаш рет жерасты ядролық жарылысы жасалды (КСРО-ның жер үстіндегі ядролық жарылысы да осы Семей жерінде 1949 жылы тамыздың 29-да жасалған болатын).

1994 жылы «Қазақтелеком» ҰАҚ компаниясы құрылды.

1997 жылы Қазақстанда «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қабылданды.

2011 жылы Нагасаки қаласының (Жапония) мэрі Томихиса Тауэ «Ядролық қарусыз әлем» сурет және шығарма байқауында жеңімпаз атанған қазақстандық балаларға сыйлықтар табыстады. Байқаудың он үздік эссесі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды.

2011 жылы Қарағанды облысының тұрғыны Николай Савидов Астана қаласында өтіп жатқан мәдениет күндеріне микроскоппен ғана көруге болатын микробұйымдарды алып келді. Балқаш қаласының тұрғыны Николай Савидов көлемі бір миллиметрдің оннан бір бөлігіндей болатын микроминиатюраларды жасайтын Қазақстандағы жалғыз адам. Жалпы, өнердің мұндай түрімен әлемдегі 7 млрд. адамның арасында тек ондағандар ғана айналысады. Осындай бірегей өнерімен танылған АҚШ азаматы Уиллард Виганнан кезінде Элтон Джон 70 туындыны сатып алған деседі.

2016 жылы Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Алматының 1000 жылдығына арналған көрме ашылды. Көрме аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Белгісіз Қазақстан» бірегей жобасы таныстырылды. Оның басты мақсаты Қазақстан Республикасының мәдениеті мен тарихын насихаттау. 2016 жылы Бүкіләлемдік пошта одағының 26-Конгрессінде дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан 4 жылға Әкімшілік кеңес мүшесі болып сайланды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «proof» сапасындағы күмістен жасалған 500-теңгелік және нейзильберден жасалған 100-теңгелік «Қазақстан халқының ертегілері» сериясынан «Неміс ертегісі» естелік монеталарын шығарды (Бремен Таун музыканттары).

2017 жылы Қазақстан ТМД-да бірінші болып Сауд Арабиясымен тұлғаларды экстрадициялау туралы келісім жасады.

2018 жылы Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК академиясында Қазақстандағы алғашқы «Аңсау» балалар инклюзивті футбол клубының тұсаукесері өтті.

2018 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 15 жылдығына орай Қазақстан арнайы марка шығарды.

2019 жылы Мәскеуде музыкатанушы-этнограф, Қазақстанның халық әртісі, «Қазақтың 1000 күйі» жинағының авторы Александр Затаевичтің туғанына 150 жыл толуына байланысты VIII халықаралық ғылыми конференция болып өтті.

2019 жылы Ақтау қаласында жазушы, танымал мемлекеттік және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының мұражайы ашылды. Мұражайда Әбіш Кекілбайұлының жеке заттары мен оған арналған кітаптар сақталған. Алматылықтар мұражайға жазушының архивтік фотосуреттері бар бірегей альбомді сыйға тартты.

Back to top button