Грузияда 11 қазан аза тұту күні деп жарияланды

Грузияда 11 қазан аза тұту күні деп жарияланды

Грузияда 11 қазан аза тұту күні деп жарияланды
ашық дереккөзі
Грузияда қазанның 11-і аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы ел премьері Ираклий Гарибашвили хабарлады. Оның айтуынша, Батумидегі қайғылы оқиғаға жауаптылардың барлығы заң жүзінде қатаң жауапқа тартылады. Еске салайық, таяуда Грузияда көп қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Оқиғадан мерт болғандардың саны бүгін 8-ге жетті. Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, үйінділер астында тағы оннан астам адам болуы мүмкін. Құтқару-іздестіру жұмыстарына 300-ден астам маман жұмылдырылды. Жалпы 7 қабатты тұрғын үйде 200-ге жуық адам тұрған. Апат нақты не себептен болғаны әзірге жарияланбай отыр. Оқиғаға қатысы бар деп танылған 3 адам қамауға алынды.