Жаңалықтар

"Әуеге көтерілген бетте жерге құлады". Татарстанда әуе апатынан 16 адам қаза тапты (видео)

ашық дереккөзі

"Әуеге көтерілген бетте жерге құлады". Татарстанда әуе апатынан 16 адам қаза тапты (видео)

Татарстанда L-410 ұшағы әуе апатына ұшырап, 16 адам қаза тапты, 3 адам жарақат алды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. Алдына ала мәлімет бойынша, ұшақ Мензелинск қаласынан 6 шақырым жерге құлаған. Ұшақ бортында 23 адам болған. Мензелинск қаласының аэроклубы тиесілі ұшақ 1987 жылдан бері пайдаланылып келеді. Ұшақ аэродромнан ұшып шыққан бетте, апатқа ұшыраған. 16 адам, оның ішінде ұшақтың 2 пилоты апат салдарынан қаза тапты. https://www.youtube.com/watch?v=iQb42Apd4_s&t=77s