Жаңалықтар

«Әуеге көтерілген бетте жерге құлады». Татарстанда әуе апатынан 16 адам қаза тапты (видео)

Татарстанда L-410 ұшағы әуе апатына ұшырап, 16 адам қаза тапты, 3 адам жарақат алды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Алдына ала мәлімет бойынша, ұшақ Мензелинск қаласынан 6 шақырым жерге құлаған. Ұшақ бортында 23 адам болған.

Мензелинск қаласының аэроклубы тиесілі ұшақ 1987 жылдан бері пайдаланылып келеді.

Ұшақ аэродромнан ұшып шыққан бетте, апатқа ұшыраған. 16 адам, оның ішінде ұшақтың 2 пилоты апат салдарынан қаза тапты.

Back to top button