Жаңалықтар

Тағы бір ел 12 жастан асқан жасөспірімдерге вакцина салуды бастайтынын мәлімдеді

Айдың соңына дейін Египетте 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы егу басталады, деп хабарлайды Хабар 24 ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Министрлік өткізген (Денсаулық сақтау. – RT) вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты зерттеулер аяқталуға жақын және аталған жас тобына арналған вакцинация осы жылдың қазан айында басталады», — деді Египет Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Вакцинацияны Pfizer препараттарымен жүргізу жоспарлануда – келесі аптада вакцинацияның келесі партиясы жеткізіледі деп күтілуде. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Мысыр елінде барлығы 14 миллион адам вакцина алған.

Back to top button