Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері Боливияда әуе апатына ұшырады

Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері Боливияда әуе апатына ұшырады

Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері Боливияда әуе апатына ұшырады
ашық дереккөзі
Боливия Әуе-қорғаныс күштерінің ұшағы апатқа ұшырап, алты адам мерт болды. Оның бортында денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері болған. Бұл туралы сенбі күні ел президенті Луис Арсе мәлімдеді. «Бізді алты адам мерт болған Пандодағы әуе апаты шошытты. Жауапты органдарға әуе апатының себебін анықтауды тапсырдық», - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де. Сондай-ақ, ол қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында ведомствоның және Ұлттық денсаулық сақтау зертханасы институтының төрт маманы болған. Олар денге және чикунгунья ауруымен күресуді зерттеумен айналысқан. Оқиға кезінде екі ұшқыш да қаза тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Риберальта қаласынан ұшқаннан кейін апатқа ұшыраған. Мамандар Кобиха қаласына жетіп, әрі қарай коммерциялық рейспен басқа елді мекенге ұшуы тиіс еді.