"Әлі болуы мүмкін". Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды

"Әлі болуы мүмкін". Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды

"Әлі болуы мүмкін". Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты»,- деп мәлім етті баспасөз қызметі. Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта биыл 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.