Ресейде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық ұсталды

Ресейде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық ұсталды

Ресейде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық ұсталды
ашық дереккөзі
Мәскеу облысы Химки қаласының аумағынан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі. 2013-2018 жылдары Ресей мен Қазақстан азаматтарынан құралған топ қатысушылары букмекерлік кеңсе қызметі деген атпен заңсыз ойын бизнесін – электронды казино ұйымдастырған. 39 жастағы ер азамат қылмыстық жауаптан қашып жүрген, оған 2019 жылдан бері іздеу салынған. Қазіргі уақытта күдікті РФ Химки қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Елордалық полицейлер жедел-профилактикалық шара жүргізіп, оның барысында 24 қылмыскер ұсталды және із-түзсіз жоғалған 17 азаматтың мекенжайы анықталды. ҚР аумағынан тысқары іздеу салынған екі қылмыскер ұсталды.