Шымкент тұрғыны сауда орталығында босануға мәжбүр болды
Шымкент тұрғыны сауда орталығында босануға мәжбүр болды
Шымкент қаласындағы «Шымкент-плаза» сауда үйінің қызметкерлері 27 жастағы әйелді босандырып алды.
Оқиға 8 қазанда, күндіз болған. Сауда ойын-сауық кешенінде жүрген әйелді аяқ астынан толғақ қысқан.
Кешеннің әкімшісі әу баста аздап қобалжып, сасқалақтағанын айтады. Бірақ кейін жылдам шешім қабылдау керек екенін түсініп, қызметкерлер әйелді аман-есен босандырып алған.
Жаңа босанған ананы сәбиімен дәрігерлер облыстық перинаталдық орталыққа алып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Дүниеге келген сәби – қыз бала, бойы 54 сантиметр, салмағы 3200 грамм. Ата-анасы қыздарына Айша есімін бергенін хабарлады.