Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жеп қойған ба?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтады, – деп хабарлайы ведомствоның баспасөз қызметі.
Тергеудің мәліметінше, «Қазақфильм» АҚ-ның «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. «Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол – «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ның құрылтайшысы», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қаражаттың қосалқы мердігерлік ұйымдарда қолма-қол ақшаға айналдырылып, Тұңғышбай Жаманқұловқа берілгені айтылады.
Сонымен қатар, қаражат жымқыруға «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Г.Ысқақованың және фильмнің атқарушы продюсері Н.Юдинаның қатысы бар екені дәлелденгені хабарланып отыр. Айта кетейік, олар соттың санкциясымен қамауға алынған болатын.
Тұңғышбай Жаманқұловтың бүгін, 2 қарашада ұсталғаны белгілі болды.